Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның әлемнің әр еліндегі дипломаттары электр кроссоверге отырады.
Корольдіктің Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, бұл жоба қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының бөлігі болмақ.
ОТР агенттігінің жазуына қарағанда, 2020 жылдың сәуір айына дейін 30 елдегі дипломатиялық өкілдіктерге электр кроссоверлер жеткізіледі. Ал көлік тұрағы тез қуаттау құрылғыларымен жабдықталады.
Ұлыбритания билігі он жыл ішінде әлемнің ең экологиялық ведомствосына айналуды жоспарлап отыр.