Лукашенко Тоқаевты құттықтады

25 Қазан 2022, 14:15
1283
Бөлісу:
Лукашенко Тоқаевты құттықтады

Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Егемендік туралы декларацияның қабылдануы Қазақстан үшін маңызды оқиға мен тәуелсіздікті алуға қол жеткізудің алғашқы қадамына айналды, делінген Беларусь басшысының сайтында

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда Қазақстан ынтымақшыл сыртқы саясат қағидаттарын қатаң ұстанып, өзара түсіністік пен көршілікті шығайтуға барынша ықпал етуде, ал Астананың ұтқыр бастамасы халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, адамзаттың жаһандық проблемаларын шешуде маңызды рөлді иеленіп отыр, - деп атап өтті Александр Лукашенко. 

Беларусь президенті екі ел арасындағы уақытпен сыналған, достық пен сенімге құрылған қарым-қатынас әрі қарай да азаматтардың игілігі үшін дами беретінін айтты. 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізге мықты денсаулық, бақыт, отбасыңыз бен жақтастарыңыздың қолдауын, ал туысқан Қазақстан халқына тұрақтылық пен өркендеуді тілеймін, - деді Беларусь елінің басшысы.  

Өзгелердің жаңалығы