Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенко Роман Головченконы елдің премьер-министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды БЕЛТА ақпарат агенттігі.
Александр Лукашенко аталған жарлыққа 19 тамызда қол қойды. Сонымен қатар, премьер-министр Ұлттық жиналыс өкілдері палатасының келісімімен тағайындалды.
Президенттің тағы бір жарлығымен үкімет құрамының мүшелері бекітілді.
Айта кетейік, 17 тамызда Беларусь үкіметі жаңадан сайланған президент алдында отставкаға кеткен.