Лудомания дертіне шалдыққан оқушылар емтиханды қалай тапсырады

22 Сәуір 2024, 16:39
539
Бөлісу:
Лудомания дертіне шалдыққан оқушылар емтиханды қалай тапсырады
Фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова құмар ойыннан оқшылардың да зардап шегетін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 200 мыңнан аса адам үшінші адамдар арқылы бәс тігеді екен.

Біздің депутаттар талқылап жатыр. 25 жасқа дейін осы құмар ойындарға қатыстырмауға қатысты жауапкершілік қарастырылған. Бұл норма өте дұрыс деп ойлаймын. Оны қолдаймын. Дәл қазір 21 жасқа дейін осындай шектеу бар, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, оқушылардың арасында да бұл мәселе әлеуметтік проблемаға айналған.

Мысалы, 2 кейс бар. біреуі 9-сынып оқушысы. Екіншісі 11-сынып оқушысы. Осы дертке душар болды дейік. Менің сұрағым Оқу-ағарту министрлігіне бағытталады. Екеуі де емделіп жүр. 10 айға жуық емделеді. Олар емтиханды қалай тапсырады. Оқу процесі қалай ұйымдастырылып реттеледі? 9-сыныпты немесе 11-сыныпты аяқтағаны туралы құжатты алуға олардың құқығы бар ма, жоқ па? Өйткені, ата-аналар тарапынан осындай сұрақтар келіп түсіп жатыр, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, жасөспірімдер арасында лудомания дертімен емделіп жатқандар тіркелмеген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, лудомания бұл аурудың түрі және онымен күресудің 2 профилактикалық деңгейі бар. Бірінші деңгей – жасөспірімдердің осы деркте ұшырамауының алдын алу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Екінші – осындай тәуелділікке барған балалармен психологиялық жұмыстарды жалғастыру. Білім жүйесі бірінші деңгейдегі профилактиканы атқарады, - деді Еділ Оспан.

Өзгелердің жаңалығы