Лудоман-бухгалтер 100 миллионнан астам қаржыны бәс тігуге және жаңа көлікке жұмсаған

БҚО-да аса ірі көлемдегі бюджет жымқыру дерегі тергеліп жатыр

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 12:55
Бүгiн 2026, 12:55
514
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

БҚО-да аса ірі көлемдегі бюджет жымқыру дерегі тергеліп жатыр. Ойынға тәуелді бухгалтер 118 млн теңгені заңсыз иемденген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, лудоманияға шалдыққан кәсіпорынның бухгалтері компания қаражатын заңсыз пайдаланып, оларды «1XBet» букмекерлік кеңсесінде бәске тіккен. 

Сондай-ақ, ұрланған ақшаға жаңа автокөлік сатып алған. Мемлекетке келтірілген жалпы залал 118 миллион теңгені құрады. 

Бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізуде. Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр, автокөлікке тыйым салынды. Аталған жағдай ойынға тәуелділіктің мемлекет мүдделеріне елеулі зиян келтіретін ұрлық және өзгеде қылмыстарға алып келуі мүмкін екенін көрсетеді, - деп хабарлады БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Еске сала кетсек, 2025 жылы Батыс Қазақстан облысында прокуратура органдарының қадағалау актісі негізінде букмекерлік кеңселерде бәс тігуге қатысқаны үшін түрлі мемлекеттік органдардың 16 қызметкері жұмыстан босатылған. 

Наверх