Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы өзгерді

21 Тамыз 2020, 17:52
1452
Бөлісу:
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында кезекті ротация жасалды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына бірқатар азаматтық қоғам өкілдері – «Дос» тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Ерділдинова, Atameken Business Channel телеарнасының бас директоры Қанат Сахариянов, журналист, блогер Өркен Кенжебек, медиа сарапшысы Максим Рожин, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров енгізілді. 

Ротация аясында кеңес құрамынан Д.Әшімбаев, М.Тайжан, С.Құттықадам, Б.Мусин және Ж.Қожық шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы