Ұлттық кеңес: Президенттік бастамаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталады

6 Ақпан 2020, 09:29
1250
Бөлісу:
Ұлттық кеңес: Президенттік бастамаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үйлестірушісі Ерлан Қарин Ұлттық кеңес жұмысының қалай жүргізіліп жатқаны туралы айтты.

Осыдан бұрын хабарлағанымдай, Ұлттық кеңестің екінші отырысынан кейін, Президент Әкімшілігінің жетекшісі  қолымен Президенттің жаңа бастамаларын жүзеге асыру бойынша Жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес тиісті мемлекеттік құрылымдар қаңтар айында саяси реформалар бағытына қатысты әр бастама бойынша заң жобаларын дайындау қажет болатын. Бірнеше күн бұрын бұл жұмыс аяқталды - деді Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуына қарағанда, енді президенттік бастамаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталғалы жатыр. 

Заң жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін, ғылыми лингвистикалық экспертизадан өтіп, және Үкіметтің отырысында талқыланғаннан соң, олар Парламентке қалыптасқан тәртіпке сәйкес қарастыруға енгізіледі. Сонымен, Президенттің Ұлттық кеңестің екінші отырысында жариялаған бастамалары белсенді жүзеге асырылуда - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы