Қазақстанның соңғы жаңалықтары

LRT құрылысы: Астанада орталық көшелердің бірі жабылады

19 Қыркүйек 2025, 00:47
405
Бөлісу:
 CTS
Фото: CTS

Астанада LRT құрылысына байланысты жол қозғалысы уақытша шектелетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

City Transportation Systems мәліметінше, 18 қыркүйек күні сағат 23:00-ден бастап 30 қыркүйекке дейін LRT желісіндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты Сығанақ көшесінің Мәңгілік Ел даңғылымен қиылысында көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Осы кезеңде көліктердің жүрісі екі бағытта да кезең-кезеңімен бір жағынан ұйымдастырылады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы