LRT конструкциясы: Астаналық жүргізуші тегін суға көлігін жуып алды

Еріген қар мен жаңбыр суына көлігін жуған жүргізуші таңғалдырды.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 12:16
Бүгiн 2026, 12:16
227
Фото: видеодан скриншот

Астана тұрғыны көлігін LRT конструкциясынан аққан суға жуған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан эстакададан төмен қарай судың күшті ағынмен ағып тұрғанын, ал жүргізуші көлігін дәл соның астына қойып, жуа бастағанын көруге болады.

Бұл жағдайға байланысты CTS компаниясы ресми пікір білдірді.

Қазіргі уақытта нөсер кәрізі мен суағар құбырлары жүйесін қосу және реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жүйелер еріген қар мен жаңбыр суын реттеліп ағызуға, судың бейберекет ағуын болдырмауға, сондай-ақ қыс мезгілінде мұз қатудың алдын алуға арналған, - деп хабарлады CTS баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Астанада жұмысшылардың LRT вагондарын қолмен итеріп жүрген видеосы тараған болатын. 

Сондай-ақ, LRT тарифі бекітілетінін, бір реттік жол жүру құны қанша теңге болатыны айтылды. 

Наверх