Лос-Анджелестегі өрт: Ди Каприо зардап шеккендерге бір миллион доллар берді

Белгілі актер Леонардо Ди Каприо Лос-Анджелестегі өрттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 16 Қаңтар 2025 2025, 17:51
16 Қаңтар 2025 2025, 17:51
779

Белгілі актер Леонардо Ди Каприо Лос-Анджелестегі өрттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Актер бұл туралы өз Instagram парақшасындағы сторисінде айтты.

Лос-Анджелестегі өрт қаламызды жайпап жатыр. Мен @rewild бағдарламасының Rapid Response жобасымен серіктесе отырып, өрттен кейінгі шұғыл қажеттіліктер мен қалпына келтіру жұмыстарына қолдау көрсету үшін 1 миллион доллар бөлемін. Алғашқы көмек бірден LA Fire Department Foundation, California Fire Foundation, World Central Kitchen, California Community Foundation, Pasadena Humane Society және SoCal Fire Fund ұйымдарына жіберіледі. Бұл ұйымдар құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге, сондай-ақ ең мұқтаж адамдарға, жануарларға және қауымдастықтарға қажетті ресурстарды қамтамасыз етеді, - деп жазды актер.

Наверх