Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шабуыл жасаған жігіттен жарылғышқа ұқсас зат табылды. Ол қылмыс жасаған кезде артынан аңдышулар болды.
Лондонның оңтүстігінде жасалған шабуыл терроризммен байланысты. Бұл туралы Скотлен-Ярдтың 2 ақпанда жариялаған хабарламасында жазылған.
Күдіктінің денесіне құрылғы (жарылғыш – ред.) тағылған. Бірден қоршап алып, тексердік. Жарылғышқа ұқсас зат болып шықты. Оқиғаны теракт деп таныды және біз де мұны терроризммен байланысты деген пікірдеміз, - делінген Лондон полициясының хабарламасында.
Скотленд-Ярд комиссарының көмекшісі Люси Дорсидің айтуынша, полиция террористің артынан аңдыған.
Террористік операция болатынын сезгеннен кейін қаруланған полицейлер күдіктінің артынан аңдып, шабуылға көшкен кезде бірден оған оқ атты, - деді ол.Дорсидің айтуынша, күдікті жақында ғана қамаудан шыққан. Ол түрмеде терроризммен байланысты қылмысы үшін отырған.
Әзірге күдіктіге қатысты толық дерек ресми түрде жарияланбады. Бірақ комиссар көмекшісінің айтуынша, күдікті – 20 жастағы Судеш Амман есімді жігіт.