Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында ломбардтан 33 миллион теңгенің құнды заттарын ұрлады деген күдікпен үш адам ұсталды.
Алматы облысының Жамбыл ауданында 41 жастағы Қарғалы ауылының тұрғыны полицияға арыз түсірді. Ол белгісіз адамдардың ломбардтан бағалы заттар мен ақша ұрлағаны жөнінде шағымданған.
Полицияның криминалдық тобы үш күдіктіні анықтап, ұстады. Оның екеуі 27 және 32 жастағы Алматы облысының және біреуі 52 жастағы Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Оларды арнайы жасақпен ұстап, полицияға жеткізді, – деді Алматы облыстық полиция пепартаментіндегі криминалдық полиция басқармасының басшысы Данияр Асхат.
Оқи отырыңыз: