Локдаун енгізілуі мүмкін бе?

13 Қаңтар 2021, 17:23
1606
Бөлісу:
Локдаун енгізілуі мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын айтып өткен болатын.

Осыған орай журналистерден «елдегі жағдайға сәйкес, жақын күндері локдаун енгізілуі мүмкін бе» деген сауал келді.

Локдаун туралы қазір сұрақ тұрған жоқ. Қазір «қызыл» аймаққа екі ғана өңір енген. Басқа өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай қалыпты, - деді дәрігер.

Сондай-ақ, бас санитар коронавирустың жаңа штаммы Қазақстанда тіркелмегенін айтты.

Алайда, вирустың ауа-тамшы жолдары арқылы тарау механизмін ескере отырып, оның елімізде анықталу қаупін жоққа шығаруға болмайды. Былтыр қыркүйек айында Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штаммы анықталған. Бүгінде вирустың бұл түрі бірнеше елде, оның ішінде Австралия, Дания, Италия, Исландия, Нидерланд, Ресей және басқа да елдерде тіркелді. Бұл вирус алдын ала мәліметтер бойынша, вирустың басқа түріне қарағанда жастар арасында тез тарайды. Алайда бұл тек алдын ала мәлімет. Феномен әлі де зерттеліп жатыр, - деді Қиясов.

Өзгелердің жаңалығы