Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі блогер Алексей Лодочников Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, сессияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған мәселелерді бүкіл халық болып қолдаумыз керек.
Қазіргі таңда бүкіл қазақстандықтар өзгеріс күтіп жүр. Бұл реформалар басталып кетті. Барлығын уақыт көрсетеді. Алда не боларын нақты айта алмаймын. Ескере кету қажет, бұл тек Президенттің жұмысы емес, бүкіл халықтың бірлесе атқаратын ісі. Елімізді өзгеріс пен дамуға бастайтын - халық екенін ұмытпаумыз керек. Бәріне мәлім «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, еліміздің әрбір азаматы жұмыла жұмыс істеуі қажет. Қоғам болып әрекет ету маңызды, - деді Алексей Лодочников.
Сондай-ақ ол елдегі жастар арасындағы тіл, дін мәселесі тоқталды.
Көбі мәселе бар деп жатады. Менің ойымша, тіл мәселесі өте күрлделі емес. Өйткені ондай мәселе көріп тұрғаным жоқ, -деп атап өтті вайнер.