"Лобби жасап жатыр". Министр Бақытжан Базарбектің сынына жауап қайтарды

Кеше, 12:00
299
Бөлісу:
"Лобби жасап жатыр". Министр Бақытжан Базарбектің сынына жауап қайтарды
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мәжілісте қаралып жатқан Құрылыс кодексіне қатысты даулы сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист министрге "Қазір Мәжілісте Құрылыс кодексі қаралып жатыр. Депутат Бақытжан Базарбек бұл кодекс Парламентке үлкен бұзуышылықтармен өтті дейді. Ол 291 млн теңге негізсіз жоспарланып, жемқорлықтың иісі бар деді. Шарлапаев бұл кодексті өткізу үшін лобби жасап жатыр деп мәлім етті. Депутаттың сөзіне негіз бар ма?" деп сұрақ қойды.

Депуттатың сұрақ қоюға және жұмысты ашық жүргізуге құқығы бар. Біз мұны қолдаймыз. Ең алдымен, депутаттарымызды құрметтеуіміз керек, себебі оларды халық сайлады. Қандай дептуттар болсын заңнама өзгерістер енгізілген кезде сұрақ қоюға, оны ашық талқылауға құқығы бар. Өздеріңізге мәлім, Қаржы министрлігі тарапынан аудит нәтижесінде ешқандай заң бұзу анықталмады. Әрине, процеске байланысты сәйкес келмейтін мәселелер болды, бірақ ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Кейбір процеске сәйкес келмеген мәселе бойынша министрлік қызметкерлерін жауапкершілікке тарттық. Ал, қазіргі таңда бұл мәселе жөнінде айтудың керегі жоқ. Өйткені Қаржы министрілігі нүкте қойды, - деді Шарлапаев.

Сондай-ақ министр Құрылыс кодексінің жобасы Мәжілістің талқылауында екенін айтты.

Біздің тарапымыздан ешқандай лобби жоқ. Депутаттардың арасында әртүрлі пікір болуы керек. Оны қолдап-қолдамайтындары бар. Құрылыс кодексін келесі жылы аяқтайтын боламыз, - деді Шарлапаев.

Өзгелердің жаңалығы