Ливияға әскер жіберу туралы рұқсат Түркияның Ұлттық мәжілісіне ұсынылды

1 Қаңтар 2020, 10:56
3741
Бөлісу:
Ливияға әскер жіберу туралы рұқсат Түркияның Ұлттық мәжілісіне ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливияға әскер жіберу жайлы президенттік рұқсат Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне (ТҰҰМ) ұсынылды. Рұқсат ұсынысында Ливияға әскер жіберудің неліктен қажет екенін түсіндірген кезде бұл елдегі қақтығыс пен террорлық ортаға назар аударылды. Бұл туралы «TRT» сайтында хабарланды.

Қақтығыстар ішкі соғысқа айналған жағдайда Түркияның аймақтағы мүдделеріне де болымсыз ықпал етеді - деген ескерту жасалды.

Рұқсатта түрік әскерінің Ливиядағы міндетіне қатысты ауқым мен шектің президент тарапынан анықталатынына назар аударылды. Сондай-ақ, Түрік Қарулы күштерін 1 жыл мерзіммен Ливияға жіберу үшін рұқсат берілуі талап етілді.

Рұқсатта көрсетілген түрік әскерінің Ливиядағы міндеттері:

- Ливияда мекемелік бір армия құру үшін қажетті жаттықтыру және кеңесшілік қызметін беру,
- Түркияның ұлттық мүдделеріне бағытталған қауіптерге қарсы қажетті шараларды қабылдау,
- Ливиядағы заңсыз қарулы топтар мен террор ұйымдары тарапынан Түркияның Ливиядағы мүдделерін нысанаға алатын шабуылдардың алдын алу,
- Ливия халқына гуманитарлық жәрдем жеткізу,
- Ливия Ұлттық Келіссөз Үкіметі талап еткен әскери қолдауды беру.

Мәжіліс төрағасы Мұстафа Шентоп ТҰҰМ Жалпы кеңесін кезектен тыс жиналуға шақырды. Мәжіліс Жалпы кеңесі рұқсат келіссөздері үшін 2 қаңтар күні сағат 14:00-да жиналмақ.

Өзгелердің жаңалығы