Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанның Ақпарат министрі Манал Абдель Самад Бейруттегі жарылыстан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Ливанның MTV телеарнасы хабарлайды.
Оқи отырыңыз:
Мен ливандықтардан, олардың күйініштерін бір қалыпқа келтіре алмағанымыз үшін кешірім сұраймын. Бейрут апатының қасіретінен кейін мен Үкіметтен кету туралы өтініш бердім, - деді Ақпарат министрі.
8 тамызда Бейруттың орталығында Үкіметке қарсы митинг өтті. Оған қатысушылар Министрлер кабинетін порттағы жарылыстан кейін отставкаға кетуін талап етті.