Ливанда пейджер жарылып, сегіз адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Al Jazeera таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға салдарынан 2750 адам жараланған.
Көптеген зардап шегушілер қолдары мен беттерінен жарақат алған. Елдің денсаулық сақтау министрі Фирас Абъяд Бейруттің оңтүстігіндегі ауруханалар науқасқа толы екендігін айтты.
"Хезболла" өкілдері бұл оқиғаға Израильдің арнайы қызметі жауапты деп отыр.
Айта кетерлігі, Ливанда бұл құрылғыны "Хезболла" мүшелері қолданады.