Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанның Денсаулық сақтау министрі Мұхаммед Хасан ел үкіметінің толықтай отставкаға кеткенін жеткізді.
Ливанның премьер-министрі Хасан Диаб жақында біздің үкіметіміздің толығымен отставкаға кеткені туралы жариялайды, - деді ол, 10 тамыздағы үкімет отырысынан кейін журналистерге.
Бұл шешімді Қоғамдық жұмыс және көлік министрі Мишель Наджар да растап отыр.
Оқи отырыңыз:
Біз өзімізді жауапкершіліктен босату үшін отставкаға кетіп бара жатқан жоқпыз. Министрлер жаңа үкімет құрылғанға дейін өз міндеттерін атқарады, - деді ол.
Бұл шешімнің соңғы бірнеше күнге созылған жаппай наразылықтардан кейін қабылданғаны анық. Кеше алдымен Әділет министрі Мари Клод Нейем және өзге де саясаткерлер орындарын босатты.