Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливан Президенті Мишель Аун Бейруттегі жарылысқа сыртқы күштердің әсері болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп жазады "Хабар24"
Ол апат себебі әлі анықталмағанын айтты. Тіпті зымыраннан соққы берілуі де ықтимал екенін тілге тиек етіпті. Күдікті сейілту үшін Франция Президенті Эммануэл Макроннан спутниктен түсірілген суретпен қаматамасыз етуін өтінді.Ливан басшысының сұрауы бойынша Интерполдан да сарапшылар келеді. Естеріңізге салайық, сейсенбі күні Бейрутта жойқын жарылыстан кемінде 150 адам қайтыс болды. Бес мыңға жуық тұрғын жарақат алды.