Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Ливан астанасында тағы бір төтенше жағдай болды. Бейруттың орталық коммерциялық аймағында орналасқан британ-ирак сәулетшісі Заха Хадид жобалаған тарихи ғимаратта өрт шықты деп хабарлады "Аль-Арабия" телеарнасы.
Ливанның азаматтық қорғаныс қызметінің ақпаратына сәйкес, тілсіз жау жылдам ауыздықталып, сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.