Литва қазақстандық студенттер үшін 200 грант ұсынады

9 Наурыз 2019, 09:53
1944
Бөлісу:
Литва қазақстандық студенттер үшін 200 грант ұсынады

Астана, BAQ.KZ. Алматы мен Шымкент қалаларында Литва университеттерінің ақпараттық сессиясы өтеді. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

"Онда қазақстандықтар Литвадағы ЖОО-ларда бакалавриат және магистратура бағдарламалары, оқуға түсу үрдісі, грант пен стипендия жөнінде біле алады. Сондай-ақ, грантқа оқуға түскендердің арасынан әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге ай сайын берілетін стипендия қарастырылады" - делінген хабарламада. 

Шымкент қаласындағы кездесу Жастар ресурстық орталығында (Момышұлы көшесі 4) 11 наурызда сағат 10:00-де өтеді.

Алматы қаласындағы кездесу 13 наурызда сағат 10:00-де Ұлттық кітапханада (Абай даңғылы 14) ұйымдастырылады. 

Айта кетерлігі, Қазақстанның басқа қалалары мен аймақтарындағы үміткерлер құжаттарын Литваның жоғары оқу орындарының ресми сайттарына жолдауға болады. 

Литва университеттерінің бағдарламалары мен мамандықтары мына сілтемелерде:  Vytautas Magnus University, Kaunas University of TechnologyLithuanian Sports University.

Өзгелердің жаңалығы