Астана, BAQ.KZ. Алматы мен Шымкент қалаларында Литва университеттерінің ақпараттық сессиясы өтеді. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
"Онда қазақстандықтар Литвадағы ЖОО-ларда бакалавриат және магистратура бағдарламалары, оқуға түсу үрдісі, грант пен стипендия жөнінде біле алады. Сондай-ақ, грантқа оқуға түскендердің арасынан әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге ай сайын берілетін стипендия қарастырылады" - делінген хабарламада.
Шымкент қаласындағы кездесу Жастар ресурстық орталығында (Момышұлы көшесі 4) 11 наурызда сағат 10:00-де өтеді.
Алматы қаласындағы кездесу 13 наурызда сағат 10:00-де Ұлттық кітапханада (Абай даңғылы 14) ұйымдастырылады.
Айта кетерлігі, Қазақстанның басқа қалалары мен аймақтарындағы үміткерлер құжаттарын Литваның жоғары оқу орындарының ресми сайттарына жолдауға болады.
Литва университеттерінің бағдарламалары мен мамандықтары мына сілтемелерде: Vytautas Magnus University, Kaunas University of Technology, Lithuanian Sports University.