Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Литва президенті үкіметтің отставкасын қабылдады

5 Тамыз 2025, 01:20
619
Бөлісу:
 Reuters
Фото: Reuters

Литва президенті Гитанас Науседа үкімет пен премьер-министр Гинтаутас Палукастың отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Delfi басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін Литва президенті сыбайлас жемқорлық дауынан кейін Палукасқа өзінің саяси болашағын шешуге екі апта уақыт берген.

Литвада премьер-министрдің ықтимал қаржылық заң бұзушылықтарына қатысты жанжал шықты. Үкімет басшысы туыстарының компаниясы ұлттық банктен жеңілдетілген несие алды, сондай-ақ астаналық муниципалды әкімдікті басқарған кезінде жүргізілген даулы жылжымайтын мүлікті сатып алды деп айыпталуда.

Көп ұзамай Палукас "үй шаруасы үшін" екі апталық демалысқа шықты. Оған Литва президентінің ультиматумы себеп болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы