Литва Қарағанды облысымен экономикалық ынтымақтастықты дамытпақшы

15 Қараша 2019, 07:19
2368
Бөлісу:
Литва Қарағанды облысымен экономикалық ынтымақтастықты дамытпақшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Литва Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Васюлис Гинтаутаспен кездесті. Бұл туралы  аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады. 

Дипломатпен бірге Паневежис қаласының мэрі Миколас Ритис бастаған литвалық бизнесмендер делегациясы келді. Ресми қабылдауда экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Литва Республикасы Орталық және Шығыс Еуропа елдері арасындағы Қазақстанның сыртқы экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы шамамен 4 млрд АҚШ долларын құрады. Біздің облыстың өнімдері әлемнің 50-ден астам еліне, оның ішінде Литваға экспортталады. Алайда Сіздердің елдеріңізбен тауар айналымы айтарлықтай үлкен емес - 2,4 млн АҚШ доллары. Менің ойымша, бұл салада әлеует әлдеқайда жоғары, - деді аймақ басшысы.

Бұдан басқа, Жеңіс Қасымбек облыста көтерме және бөлшек сауда саласында үш кәсіпорын жұмыс істейтінін тілге тиек етті. Сонымен қатар ол бизнес-қоғамдастықтардың кездесуі іскерлік қатынастардың дамуына серпін беретініне сенім білдірді. Өзара қызығушылық қонақ үй бизнесі, сауда және логистика саласындағы жобалар болуы мүмкін.
Біз өңірлік деңгейде ынтымақтастықты күшейтуді жөн көрдік. Қарағанды облысы - ірі индустриялық аймақ. Біз үшін ол тарихи себептермен де жақын болып табылады. Қарағандыны әр литвалық азамат біледі. Тоталитаризм кезінде 130 мыңға жуық отандасымыз Қазақстанға, оның ішінде Қарағанды облысына жіберілді. Отанына оралған жерлестеріміз қиындықтар мен сол жылдардағы ауыртпалықты ғана емес, жандары қиналған кезде көмек көрсетіп, ажалдан аман алып қалған қазақтарды жылылықпен еске алады, - деп атап өтті Васюлис Гинтаутас.
Дипломат литвалық бизнесмендердің келген миссиясы туралы да баяндады. Паневежис Литваның өнеркәсіптік орталығы және көлемі жағынан бесінші қаласы болып табылады.

Делегация құрамында азық-түлік өнеркәсібі, қонақ үй бизнесі, логистика және басқа салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер болды.
Біз өзімізді Қазақстан мен қазақстандық өндірушілер үшін Еуропаға шығар терезе ретінде көреміз. Ал Қазақстанды Орталық Азияға, Еуразиялық экономикалық одақ және біздің өндірушілер үшін Қытайға шығар терезе сияқты көреміз, - деді Васюлис Гинтаутас.
Литва делегациясы жергілікті кәсіпкерлермен де кездесті. Бизнес-форум өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.


Өзгелердің жаңалығы