Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан ерлер командасының мүшесі Мұхамедсабыр Базарбайұлы жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
63,5 келі салмақта сынға түскен Базарбайұлы болгариялық Радослав Росеновпен жолыққан болатын.
Төрешілер бірінші раундта жеңісті қазақстандық спортшыға бергенімен, екінші раундта болгариялық боксшыны басым деп таныды.
Ал үшінші раундта жекпе-жек Росеновтың қабағы жарылғанына байланысты тоқтатылды. Ереже бойынша, сол мезетте алда тұрған боксшы жеңімпаз деп танылады.