Лионель Месси MLS-тің үздік сұрмергені атанып, жаңа рекорд орнатты

Ол лига тарихында бұл атақты қатарынан екі маусымда жеңіп алған алғашқы футболшы болды.

 championat.com 8 Қараша 2026, 12:53
8 Қараша 2026, 12:53
136
Фото: championat.com

Солтүстік Американың АҚШ пен Канада клубтары өнер көрсететін Major League Soccer (MLS) лигасында 2026 жылғы тұрақты чемпионат аяқталды.

Тұрақты чемпионаттың үздік сұрмергені «Интер Майами» клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси атанды. Соңғы турда ол «Шарлоттпен» өткен матчта (3:3) гол соғып та, нәтижелі пас беріп те көзге түскен жоқ.

39 жастағы Мессидің еншісінде 26 гол бар. Оның біреуі пенальтиден соғылған. Осылайша аргентиналық футболшы MLS тарихында тұрақты чемпионаттың үздік сұрмергені атағын қатарынан екі маусымда жеңіп алған алғашқы ойыншы атанды.

Сонымен қатар Месси 31 матчта 12 нәтижелі пас берді. Ассистенттер рейтингінде төртінші орынға жайғасты.

«Интер Майами» 60 ұпай жинап, Шығыс конференциясында екінші орын алды. Плей-оффтың алғашқы кезеңінде қазіргі чемпион «Коламбус Крю» клубымен кездеседі.

Наверх