Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы спортшы Альберт Линдердің қазасына қатысты жайтқа орай ресми мәлімдеме жасады.
Күні кеше Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшелері, оның ішінде қаза тапқан Альберт Линдердің ағасы әлеуметтік желілердегі парақшаларында құрама команда бапкерлеріне қатысты шағымдары мен сындарын айтты. ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл істі бақылауға алуға және әрбір айыптаудың мән-жайын анықтауға ниетті. Таяу уақытта федерация атлеттердің әрқайсымен байланысады және ішкі тексеру жүргізеді. Қорытындысы қосымша жарияланатын болады, - делінген федерация мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетсек, Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, универсиада жеңімпазы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы зілтемірші Альберт Линдер 26 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Артынша оның неден қайтыс болғаны айтылды.