Өлімге әкелген әндер жайлы не білеміз?

5 Қыркүйек 2020, 12:33
6138
Бөлісу:
Өлімге әкелген әндер жайлы не білеміз?
EX

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Музыкасыз адам өмірін елестету мүмкін емес. Себебі музыка мен эмоция эволюцияның маңызды бөлігі. Әлемді дыбыстар арқылы суреттеген өнердің бұл түрі адамзаттан әлі де ажырамасы анық. Абай айтпақшы «әннің де естісі бар, есері бар», кейбір әндер адам тағдырына кері әсер етуі де мүмкін. Сондай әндерді еске алсақ.

«Szomoru vasarnap» (мажарша) немесе «Gloomy Sunday» (ағылшынша)

«Мұңлы жексенбі» әні «Мажарлардың суицид музыкасы» деген атауға ие болған. Бұл әннің мәтінін 1933 жылы Реже Шереш соғыстың салдарынан туған шарасыздық пен қасіретке қатысты жазған. Алайда Шерештің досы Ласло Явор өз ғашығынан айырылған адамдардың өздеріне қол жұмсауымен байланыстырып, әнге басқа өлең шығарады. Нәтижесінде, Явордың мұңлы мәтіні мен Шерештің әні 100-деген өлімге алып келген деседі. Бастапқыда «Мұңлы жексенбі» әні назардан тыс қалады. Алайда 1935 жылы оны Пал Кальмар радиодан орындайды. Ақпарат бойынша, осы кезде Мажарстан бойынша суицидтің толқыны басталған. Әннің алғашқы құрбаны мажарлық етікші Джозеф Келлер болған. Ол 1936 жылдың ақпанында өзіне қол жұмсайды, ал тергеу көрсеткендей, Келлер өзінің өлім алдындағы хатында «Мұңлы жексенбі» әнінің кейбір жолдардын жазып кеткен.

Masterok.livejournal.com келтірген мәлімет бойынша, көп адам әннің ноталары тізілген қағазды ұстаған күйі Дунайға батып кеткен. Радиодан әнді тыңдағаннан кейін атылып қалған немесе уланған адамдар да кездескен. Мажарстанда суицидтердің саны күрт өскендіктен, үкімет «Мұңлы жексенбіні» радиодан таратуға тыйым салған. Алайда елде суицидтің деңгейі онсыз да өте жоғары, сондықтан әннің 1936 жылғы қайғылы оқиғалармен байланысын тексеру қиын.

Әннің ағылшын нұсқасының аудармасы:

Осы соңғы жексенбіде, сен маған кел, аяулым,
Мұнда жаназашы, табыт, қаралы күйме және кебін болады.
Мұнда саған гүлдер де қойылады, гүлдер мен табыт,
Көктеген терек түбінде бұл менің соңғы сапарым.
Көздерім ашық болады, сені соңғы рет көре аламын,
Көзімнен қорқа көрме, өлімімде де саған құт тілеймін...

«Мұңлы жексенбі» біршама кинотуындыдан да көрініс табады. «Шиндлердің тізімі» киносында бұл әннің музыкасы ойнайды. 2006 жылы «Ковал қапшығы» киносында бір жазушы аралда жападан жалғыз қалып қояды. Аралдағы адамдарға микрочип орнатылған екен, олар «Мұңлы жексенбіні» естіген соң өздеріне қол салады.

Бұл ән «Өз-өзіне қол салу: махаббат тарихы» киносында да шырқалады.

«Bu Akşam Ölürüm»

1999 жылы түркиялық Мурат Кекилли «Бүгін кешке мен өлем» әнін шығарады. Бұл әннің әсерінен сәтсіз махаббатқа ұшыраған жасөсіпірімдер әннің сөзін қағазға жазып, өмірімен қош айтысқан деседі. Сол себепті де Түркияда бұл әнге бірнеше жыл тыйым салынады.

Әннің авторы Мурат Кекиллидің өзі бір сұхбатында ән туралы:

Bu Akşam Ölürüm» әнін тыңдарманға ұсынарда өлім туралы ойламаған да едім. Бұл ән махаббат туралы еді. Адана тұрғындарына алғаш рет әнді естірткендегі жүздерін ұмыта алмаспын. Мен олардан ән туралы пікірлерін сұрағанда, олар таңғалып, «бұл кімнің әні?» деп сұрайтын. Менікі дегенге сенбей, «сен айтасың, ал мәтінін кім жазды?» деп сенбейтін. Бұл ажырасқан ғашықтарға қолдау болатын ән еді. Адамдарды суицидке және өлімге итермелейтін ән болмауы керек еді, - деген екен.

Әннің мәтініндегі шумақтар көп қайталанса да, мазмұны бір.

Bu aksam olurum beni kimse tutamaz

Бүгін кешке мен өлем, мені ешкім тоқтата алмас,
sen bile tutamazsin yildizlar tutamaz
Сен де, жұлдыздар да тоқтата алмайды.

bir ucurum gibi duserim gozlerinden
Сенің көз алдыңда құздан құлаймын.

gozlerin beni tutamaz

Мені ешкім тоқтата алмайды.

 

«Suicide»

Рианнаның «Жартаста тұрған адам» («Suicide») деген әні бар.Ол қорқыныш пен стресс, жағдайды еңсере алмау туралы. Spinditty-дің мәліметінше, суицид туралы әндер көп. Оның басым бөлігі туралы тыңдарман білмеуі де мүмкін.


«Аngel»

Сара Маклафиннің «Періште» әні героинді көп мөлшерде қолдануға қатысты жазылған. Әншінің өзі бұл ән туралы:

Мен сен құрдымға кеткен жерде болдым. Сен өзіңнің кім екеніңді ұмытасың. Сен дәрменсізсің. Осы жерден бастап сенің «қашқын» образындағы өмірің басталады, - дейді ол.

 

«Fade to Black»


«Metallica» тобы барабаншы Ларс Уильрих пен вокалист Джеймс Хетфилдпен бірлесіп «Сөніп барам» әнін шығарады. Бір сұхбатында Хетфилд бұл тыңдарманның көңілін түсіргенін айтқан.

 

Бұл ән суицид туралы. Осы ән үшін балалар өздерін өлтіріп жатыр деген көп наразылық айтылды. Бірақ біз де балалардан осы әнді тыңдаған соң жандары жай тапқаны туралы көп хат алдық, - деді Хелтфилд.

«Suicide Solution»

 

1986 жылы Оззи Осборнды осы ән үшін Джон МакКолламстың ата-анасы сотқа береді. Олар жасөспірім балалары осы депрессияға толы әнді тыңдау кезінде тапаншамен өзін атып өлтіргенін айтқан. Ата-ана әннің мәтінінде тапаншаны алып атуға итермелейтін сөздер бар екенін мысалға алады.

Өз кезегінде Осборн «Suicide Solution» әнінде астарлы мән жоқ екенін, ол, керісінше, суицидке қарсы композиция екенін жеткізеді. Калифорния соты МакКолламстың арызын қабылдамайды.




 

Өзгелердің жаңалығы