Лифтте беті тілінген баланың жағдайы белгілі болды

Бөлісу:
Лифтте беті тілінген баланың жағдайы белгілі болды
Фото: pixabay.com

Астанада жарақат алған 5 жасар балаға ота жасалды. Дәрігерлер баланың өміріне қауіп жоқ екенін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде шабуылға ұшырап, бетінің жұмсақ тіндеріне көптеген кесілген жарақат алған 5 жасар бала №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған.

Дәрігерлер баланы тексеріп, шұғыл ота жасады. Хирургтер қан кетуді тоқтату үшін қан тамырларын байлау процедурасын жүргізді. Мамандардың айтуынша, бала алған жарақаттарының ауырлығына байланысты оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Дегенмен отадан кейінгі жағдайы тұрақты, - деп жауап берді Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі уақытта зардап шеккен балаға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Мамандар тұрақты бақылау жүргізіп отыр. Дәрігерлердің мәліметінше, қазіргі таңда оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін  Аймағамбетовтың 5 жасар баланың бетін тіліп тастаған оқиға жайлы ойын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы