Әли Тұрғанбеков Модричпен кездесті

15 Ақпан 2020, 04:35
1308
Бөлісу:
Әли Тұрғанбеков Модричпен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мадридтік "Реал" клубының ойыншысы, 2018 жылғы "Алтын доп" сыйлығының иегері Лука Модрич пен қазақстандық жас футбол жанкүйері  Әли Тұрғанбеков кездесті.

Дүниеге келгенде екі аяғы да болмаған Әли мүгедек жандар қатарында. Аяғы болмаса да, доп ойнауға құмары басым. Спорттың бұл түрімен байланысты бағдарламаларды үзбей қарайды. 

Осы кездесуден кейін атақты хорват футболшысы Әлимен кездесуін instagram әлеуметтік желісінде бөлісіті: 

Әлимен танысу өте керемет болды. Әлемді бақытты болу арқылы шабыттандыра бер.  Футбол жай ғана спорт емес, – деп жазды Модрич.
Әли де Модричке алғысын білдірді.
Сізге мың алғыс, қымбатты досым! Мен өте қуаныштымын! Құдайға әр сәт үшін алғыс айтамын! – деп жазды жерлесіміз instagram әлеуметтік желісіне.
Айта кетейік, жақында Алматыда өткен аралас жекпе-жек кешінде Әли жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен кездесіп, өзінің бұрыннан бергі арманын орындады. Ол UFC сарбазына "ПСЖ" футболшылары қол қойған добын тарту етті, онымен футбол ойнады.  Оған қоса Хабиб Нурмагомедов бала Әлиге оның кумирі Криштиану Роналду кездестіруге уәде беріп, араға апта салмай сөзінде тұрды.
Өзгелердің жаңалығы