ЛГБТ-ға қарсы петиция: Балаева мәлімдеме жасады

2 Тамыз 2024, 16:44
932
Бөлісу:
ЛГБТ-ға қарсы петиция: Балаева мәлімдеме жасады
Фото: BAQ.KZ -архив

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

Биыл 10 маусымында Мәдениет және ақпарат министрлігіне ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға толық тыйым салу туралы өтініш келіп түсті.

Бұл мәселе қоғамда үлкен резонанс туғызып, қызу пікірталас болды. Өйткені қазіргі кезде мемлекет тарапынан адам құқықтарына көп көңіл бөлініп отыр. Сондай-ақ қазақстандықтар қоғамдық маңызды тақырыптарды талқылауға және мемлекеттік саясатты қалыптастыруға белсенді атсалысуда. Қазақстанда президенттік реформалар аясында демократиялық даму, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайту үшін барлық қажетті заңнамалық жағдайлар жасалған. Соның бірі – петиция институты.

Конституция нормаларына және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, Қазақстан кемсітуге қарсы саясатты жүзеге асырады. Ол саясат негізінде қоғамда конституциялық кепілдік, жанжал тудырмау және толеранттылықтың сақталуын қамтамасыз ету міндеттелген, - деп жазды Балаева.

Қоғамдағы осындай маңызды петицияны талқылауға көптеген қазақстандықтар қатысып, көтерілген мәселелер бойынша пікірлер екіге жарылды.

Жұмыс тобына қоғамның түрлі топтарының арасынан 45 адам кірді. Атап айтқанда, құзырлы мемлекеттік орган өкілдері, Парламент депутаттары, қоғамдық бірлестіктер, сарапшылар мен барлық мүдделі тараптар қатысты. Осылайша, қоғамымның үлкен бөлігі мәселені талқылауға белсенді араласты.

Жұмыс тобының екі отырысын және ауқымды сараптамалық талқылаулар өткізу кезінде өтініш бойынша келіп түскен ескертулер талданып, жүйелі жұмыс жүргізілді. Ұлттық және халықаралық нормативтік құқықтық актілерге салыстырмалы талдау жасалды. Петицияда көтерілген мәселелерді реттеудің халықаралық тәжірибесі зерделенді. Жетекші ұлттық ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және сарапшылармен кеңес өткізілді, - деп жазды ол.

Петиция тақырыбы бойынша халықаралық және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар ұсынған пікірлер, ұсыныстар мен дәлелдер, зерттеу материалдары мен үндеулердің барлығы назарға алынды.

Дегенмен, бұл жұмыс петиция бойынша түпкілікті шешім қабылдауға жеткіліксіз. Зерттеулер мен талқылаулар қазіргі уақытта бұл бағыттағы ауқымды жұмыстарды жалғастырып, мәселені жан-жақты зерттеп, оны реттеудің нақты тетіктерін әзірлеу керектігін көрсетті. Бұл уақыт алады.

Дегенмен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұстанымы – кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан петицияны ішінара қолдау. Балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың өсуі аясында "Жасөспірімдер мен балаларды жыныстық қатынастарды, оның ішінде дәстүрлі емес қатынастарды насихаттау мен культ жасаудан қорғау» талабы өзекті әрі қажет.

Балаларымыздың қауіпсіз ақпараттық ортада өсіп, дамуы өте маңызды.

Біздің ұрпақ алдындағы парызымыз – оларға дұрыс рухани-адамгершілік бағыт-бағдар беріп, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды бойына сіңіру. Сондай-ақ ұлттық мәдени мұраны ұстануға және генетикалық кодты сақтауға жағдай жасау өте маңызды, - деді Аида Балаева.

Өзгелердің жаңалығы