Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде тіс дәрігерінің кішкентай балаға жасаған іс-әрекеті туралы видео тарап кетті, деп хабарлады инАктау.
Оқиға 1 қарашада Ақтау қаласының 1-шағын ауданында облыстық стоматологиялық орталықта болған. Видеода екі балалы ана тіс дәрігеріне келеді. Алдымен әйел стоматологиялық креслоға баламен бірге отыруға тырысады, бірақ кейін оны қалдырып, шығып кетеді. Бала анасы кеткеннен кейін жылай бастайды, бұл тіс дәрігерін ашуландырады. Ол оны көтеріп алып, жұлқылап креслоға күшпен жатқызады.Баланы отырғыза алмаған дәрігер қолына бір затты алып оны қорқыта бастайды. Тіс дәрігерінің қасындағы екі медбике де балаға еш көмектеспейді. Кейін дәрігер оны көтеріп алып кабинеттен шығып кетеді.
Жақындарының сөзінше, жылаған бала бірден анасына не болғанын айтып берген. Маңғыстау облыстық полиция департаментінде баланың анасы полицияға арыз жазғанын айтты.
Өтініш ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Тексеру жүріп жатыр, - деп хабарлады ведомство өкілі.
Кейбір мәліметтер бойынша, баланың БЦП диагнозы бар.