Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам ауданы әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы пара алу күдігіне ілікті.
Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1424 Call-орталығына түскен хабарламаны тексеру нәтижелері бойынша Түркістан облысының Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Ол азаматтан көп балалығы бойынша жәрдемақы аудару үшін 22 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Күдіктінің өз кінәсін мойындауына және сотқа дейінгі тергеуді жеделдетілген тәртіпте аяқтау туралы өтініш хатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ, - делінген хабарламада.
Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.
Оқи отырыңыз: