Үлескерлерді алдап кеткен алаяқ компанияларға қатысты тергеу жүріп жатыр

15 Қыркүйек 2020, 12:12
1497
Бөлісу:
Үлескерлерді алдап кеткен алаяқ компанияларға қатысты тергеу жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов  қаржы пирамидаларына қатысты өткен онлайн брифинг барысында үлескерлер салымдарын жымқырған ұйымдар туралы айтты.

Қазіргі таңда біз үлескерлік құрылысқа қатысты 27 қылмыстық істі тергеп жатырмыз. Аталған қылмыстық істер бойынша 305 адамды жәбірленуші деп таныдық. Оларға 3 млрд 20 млн теңгеге материалдық шығын келген. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы «Шығыс» тұрғын үйіне қатысты істі тергеп жатыр. Аталған іс бойынша 24 жәбірленуші тіркелді. Алдын ала шығын көлемі 4 млн 900 мың теңгені құрап отыр, - деді ол. 
Санжар Әділов «Expo new life» тұрғын үйінің құрылысына қатысты іс туралы айтып берді. 
«Шанг Хи Груп» ЖШС-не қатысты іс тергеліп жатыр. Бұл қылмыстық іс бойынша екі эпизод тіркелді. Шығын көлемі 2 млрд теңгеден астам соманы құрап отыр. Маңғыстау облысында «Махаббат» тұрғын үй құрылысы бойынша іс тергеліп жатыр. Бұл іс бойынша 21 үлескер жәбірленуші болды. Шығын көлемі 252 млн теңгені құрап отыр. Бұл қылмыстық істердің барлығы ішкі істер министрлігінің жеке бақылауында. Барлық қылмыстық іс бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады, - деді Әділов.
Өзгелердің жаңалығы