Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау кезінде Орынбор көшесінде орналасқан «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің үлестік құрылыс объектісіне барды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үлескерлердің жалпы саны - 190 адам. Олардың айтуынша, жоба бойынша үй 9 қабатты, алайда 10-11 қабаттардан пәтер сатып алған адамдар бар.«Қаржы 2014 жылы салынған. Біздің үйіміздің жобасында жоқ 9-10 қабаттардағы пәтерлер сатылып кеткен. Бірақ жобалық-сметалық құжаттамамаға қосымша 5 қабатты қосу мүмкіндігі болады. Тұрғындардың ешқайсысы сырт қалмауы үшін жобалық жоспарға өзгерістер енгізуге болады», - деді тұрғын үй кешеннің үлескерлері.
Әкім проблемалық нысанның аумағы инвесторлар үшін тартымды екенін атап өтті. Әкімдік егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзететін болады.
«Қазір басты міндет - тұрғындар өз пәтерлеріне кірулері үшін үйдің құрылысын аяқтау қажет. Жобалық-сметалық құжаттар және тағы басқа мәселелерді басқаруға аламыз. Жалғыздың шаңы шықпас, бірге жұмыс істейтін боламыз", - деп атап өтті Алтай Көлгінов.
Нұр-Сұлтан қаласында құрылысы аяқталмаған 51 нысан бар.