Алматыда бір күн бұрын жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған Lenovo компаниясы директоры Ермек Жақыпжановтың денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Lider.kz еріктілер қозғалысы Ермек Жақыпжановтың денесі табылғаны туралы ақпаратты растады. Бірақ оқиғаның егжей-тегжейі айтылмады.
Полиция Алматы облысында ер адамның денесі табылғанын хабарлады.
Жоғалмас бұрын ер адам әдеттегідей жұмысқа кеткен. Бұл оқиға 9 қазан күні шамамен 07:30-да болған.
Жақыпжанов Hyundai Genesis көлігімен жүрген. Ер адамды іздеумен Алматының LIDER.KZ еріктілері айналысқан.