Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 25 млн-нан асты

30 Тамыз 2020, 15:03
1086
Бөлісу:
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 25 млн-нан асты

Алматы, BAQ.KZ. Дүниежүзінде коронавирустың жаңа түрімен ауырған адамдар саны 25 миллионнан асты.

Бұған америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері дәлел. Аталған университет пандемия басталғалы бері әлем бойынша вирусты жұқтырған адамдар санын есептеумен келеді.

Аталған университеттің мәліметінше, қазір вирус жұқтырғандар саны 25 009 250 адамды құрайды. Қауіпті індеттен 842 702 адам көз жұмған. 16 411 400 науқас жазылып шыққан.

Вирус ең көп тараған елдердің көшін АҚШ бастап тұр. Онда 5 961 582 адам коронавируспен ауырған. Одан кейін 3 846 153 науқаспен Бразилия тұр. Үндістанда - 3 542 733 адам коронавируспен ауырған.
Өзгелердің жаңалығы