Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асты

26 Сәуір 2020, 09:46
2025
Бөлісу:
Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Американың Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирустан қайтыс болғандар 200 мыңнан асты. 2 921 201 адамға вирус жұққан. 836 969 адам жазылған.

АҚШ індеттен қатты зардап шеккен: 53 мың адам қайтыс болған, 930 мың адамнан вирус табылған. Италияда 26 мың адам қайтыс болған, 195 мың науқас бар. Испанияда вирустан 22 600 адам көз жұмған, 224 мың адам COVID-19 ауруына шалдыққан. Францияда 22 600 адам қайтыс болған, 160 мың науқас бар. Ұлыбританияда 20 380 адам қайтыс болған, 149 500 адам COVID-19 ауруына шалдыққан.

Германияда 156 мың адамнан вирус табылған, 5846 адам қайтыс болған. Канцлер Ангела Меркель Германия медицинасы қиындықтарды жеңді деп бірнеше рет мәлімдеді. Соңғы кезде билік бизнес өкілдеріне шектеулерді азайтқан. Бірақ әлі де болса адамдардың топтасып жиналуына рүқсат етілмеген.

Ресейде барлығы 681 адам қайтыс болған. Бір күнде 6 мыңға жуық адамнан вирус табылған. Вирус жұқтырғандар 74 588 адамға жеткен.

Өзгелердің жаңалығы