Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Amnesty International" ұйымы қайтыс болған үш мың медицина қызметкері туралы ақпарат таратқанымен, бұл көрсеткіштің шектен тыс төмендетілгенін айтады.
Дүние жүзі бойынша коронавирус инфекциясынан туындаған асқынулардың нәтижесінде 3 000-нан астам медицина қызметкері қайтыс болды, деп хабарлады Amnesty International сайты.
Ұйымның қолда бар деректерге жасалған сараптама жұмыстары расталмаған ақпарат бойынша 3 000-нан астам медицина қызметкері бүкіл әлемде COVID-19 ауруы салдарынан туындаған асқынулардан қайтыс болғанын көрсетті. Алайда, бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендетілген болуы мүмкін, - делінген хабарламада.
Ұйымның жаңартылған есебінде өлім жағдайлары әлемнің 79 елінде тіркелгені көрсетілген.
COVID-19-дан өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Ресейде тіркелген. Amnesty International мәліметтері бойынша, бұл елде коронавирустық инфекциядан 545 медицина қызметкері қайтыс болған.
Amnesty International есебіне сәйкес, індет салдарынан медицина қызметкерлерінің ең көп қаза болған елдер қатарында АҚШ (507), Ұлыбритания (540), Бразилия (351), Мексика (248) Италия (188), Египет (111), Иран (91), Эквадор (82) және Испания (63) бар.