Мәжілістің кулуарында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов легионерлерден үнемделген қаржы қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әрине бұл жерден үнемделген қаражат балалардың резервіне, инфраструктураны жақсартуға жұмсалады. Одан бөлек балалардың спорттағы жабдықтарына көңіл бөлінеді,-деді ол.
Министр, футболға қатысты мәселелерді де атап өтті.
Мемлекет басшысы тек футбол емес еліміздегі олимпиадалық, ұлттық спорт түрлері, олимпиадалық емес спорт түрлері, пара бағыттары бойынша тапсырмалар береді. Бүгінгі күні спорт еліміздің имиджін қалыптастыратын сала. Сондықтан футбол мәселесі бойынша да 1 айдан кейін ҚФФ жиыны болады. Ол жерде президентін тағайындау бойынша мәселелер шешіледі,-деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.