Ләззат Қожахмет: Президент жер дауына нүкте қойды

27 Ақпан 2021, 10:16
3336
Бөлісу:
Ләззат Қожахмет: Президент жер дауына нүкте қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық  кеңес — кішігірім мемлекет. Көзқарасы бір біріне қайшы жандар бір алаңда бас қосып, мәселені шешу жолдарын әртүрлі призмада көреді, дейді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Ләззат Қожахмет.

Ол бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелері былтыр министрлермен 13 кездесу өткізді. Кеңес мүшелерінің қатысуымен 5 заң жобасы, бір президенттік қаулы дайындалуда. Бірнеше Кеңес мүшесі министрліктер жанынан құрылған Жұмыс топтарына мүше болды. Кеңесте Ерлан Карин өткен жылы атқарылған жұмысқа есеп берді. Кеңестің әр жұмыс тобы Президент алдында баяндама жасап, қоғамдағы түйткілдерді тікелей Мемлекет басшысына жеткізді, - деді ол.

Ләззат Қожахмет ұлттық кеңес өзі үшін үлкен мектеп екенін айтады. 

Президент жер дауына нүкте қойды. «Жер шетелдіктерге сатылмайды, үлеске берілмейді», деді. Қасым-Жомарт Кемелұлы баяндамасы барысында  «Ұлттық кеңесте тұрғын үй мәселесін Ләззат Қожахметова көтерді» дегенді айтқанда, төбем көкке бір елі жетпей қалды. Ұлттық кеңес мен үшін – мектеп. Мұнда ешкімге бағына қоймайтын серкелер отыр, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы