Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған тағы бір басшы ұсталды

25 Шілде 2023, 11:10
916
Бөлісу:
Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған тағы бір басшы ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен "Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысының бұрынғы орынбасарын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Бас Прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір олар УҰИ-на қамауға алынды.

Ол Кербұлақ ауданы Малайсары ауылының кіреберіс автожолында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдаланды деп күдікке ілінді. Мемлекетке 37 млн теңгеден астам сомаға елеулі материалдық залал келтірілді. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген Прокуратура таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етілмейді. Тергеу жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы