"Латын әліпбиіндегі ең үздік аударма" байқауы өтті

25 Желтоқсан 2019, 11:57
2622
Бөлісу:
"Латын әліпбиіндегі ең үздік аударма" байқауы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарының аясында қызметкерлер арасында "Латын әліпбиіндегі ең үздік аударма" байқауы өтті, деп хабарлады enbek.gov.kz сайты.

Әкімшілік жұмыс департаменті ұйымдастырған шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орталық аппаратының және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің 12 қызметкері қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынға Комитеттің бас сарапшысы  Жанерке Шуақбай және Заң қызметтері департаментінің бас сарапшысы Бейбіт Құндызбаев ие болды.

Екінші орынды Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы Аяулым Берекенова мен Заң қызметтері департаментінің бас сарапшысы Перизат Молдахметова иеленді.

Үшінші орын Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы Ақылбекұлы Жандербек және Еңбек және әлеуметтік серіктестік департаментінің бас сарапшысы Айнұр Ермахановаға бұйырды.


Өзгелердің жаңалығы