Латын қарпіне өткенде домендерді ауыстыруға қанша қаражат кетеді

9 Ақпан 2021, 17:37
1509
Бөлісу:
Латын қарпіне өткенде домендерді ауыстыруға қанша қаражат кетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің сарапшысы Айдана Алтаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде латын қарпіне өткенде домендерді ауыстыруға бюджеттен ешқандай қаржы бөлінбейді деп айтты. 

Домендерді ауыстыруға бюджеттік қаражаттан ешқандай қаражат бөлінбейді. Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздіктің 12 жедел орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, ақысыз VIPROTEM жүйесін ұсынып отырмыз. Одан бөлек, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін киберқалқан жұмысын жүргізіп жатыр, - дейді Айдана Алтаева.

Қазақстан 2020 жылы латын қарпіне ауысуды жоспарлап отыр. Осы жағдай домендерді ауыстыруға қалай ықпал ететінін айта кетті.

Латын қарпіне ауыстыру жөнінде мәселелер бойынша келіссөздер ICANN халықаралық ұйымымен жүргізілген болатын. Келіссөздер барысында «Qaz» және «QZ» домендік аттары Қазақстан Республикасына тіркелген. Латын қарпіне толығымен ауысып жатқанда, ресми процедураларды уәкілетті орган ҚР Сауда және интеграция министрлігі жүргізетін болады, - дейді ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің сарапшысы.

Өзгелердің жаңалығы