Бүгін Латвия Республикасынан Қазақстанның азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас Прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оны елге қайтару үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Бас прокуратура және ІІМ Интерпол қызметкерлері атсалысты.
Ол алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
2016 жылы күдікті, бір топ адаммен бірлесіп жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан. Сөйтіп сатып алушыға 12 млн теңге көлемінде залал келтірген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Кейіннен ол Латвия аумағында ұсталды. Қазіргі таңда ол Астананың тергеу изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.