Лас су өзен-көлдерге ағып жатыр: Су мәселесі қашан шешіледі?

18 Мамыр 2023, 12:53
1106
Бөлісу:
Лас су өзен-көлдерге ағып жатыр: Су мәселесі қашан шешіледі?

Депутат Амангелді Толамисов Сенаттың жалпы отырысында елдегі су мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, ел аумағындағы 130 су нысаны, оның ішінде 84 өзен, 29 көл, 13 су қоймасы, 3 канал және 1 теңіз суының сапасын тексеру барысында 40 өзені мен су қоймасының сапасы ең төменгі санаттар қатарына жатқызылған. Соның ішінде 33-інде ластану деңгейі өте жоғары деген баға берілген.

Ал мамандар анықтап отырған ластанудың басты себептерінің бірі – тазартылмаған судың өзен-көлдерге ағуы. Тәртіп бұзушылар арасында: өнеркәсіптік кәсіпорындар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығында қолданылатын химиялық заттар және басқалары бар.

Былтыр Алматыдағы Алтын орда базары аумағында «Altyn Orda Qaz Trade Ltd» ЖШС-ін тексеру барысында шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдаланылатын су тарту құрылғысы табылғаны белгілі. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган базарға арнайы су пайдалануға рұқсат берілмегені жайлы ақпарат белгілі болды. Тіпті су өлшеу аспаптары да жоқ болып шыққан. Ал санэпидқадағалау мамандары базар аумағынан лас су Ақсай өзеніне төгіліп келгендігін де сол кезде ғана анықтаған. Міне, осындай нысандардың елімізде жоқ екеніне кім кепіл?, - деді сенатор депутаттық сауалында.

Сондай-ақ ол су ресурстары мәселесі елімізде ғана емес, бүкіл әлемде өткір тұрғанын еске салды. Жөн-жосықсыз пайдаланушылар бұл мәселенің ажырамас бөлігіне айналған. Су ресурстарын тиімді пайдалану үшін қадағалау органдарының жұмысын заңнамалық тұрғыда реттеуді, осы олқылықтар мен бұзушылықтарды тұрақты тексерулер арқылы анықтауды ұсынды.

Су ресурстары комитетінің және оның Су қорын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының штат санын ұлғайту керек. Уәкілетті органның жаңа құрылымы көптеген ағымдағы ұйымдастырушылық мәселелерді шешуден талдаудың, шешім қабылдаудың және орындаудың логикалық дәйекті жүйесі бар схемаға көшуге мүмкіндік беруі тиіс. Су ресурстарын пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілік деңгейін арттыру үшін су қорын пайдалану және қорғау саласындағы бақылаудың жаңа нормаларын қарастыру орынды, - дейді Амангелді Толамисов.

Өзгелердің жаңалығы