Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде 500 адам ұсталған. Қазіргі таңда олардан жауап алынып жатыр. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Карпова мәлім етті.
Жалпы, 25 қызметкер зардап шекті. Оның ішінде пышақ жарақатын алғандар да бар. Кейбірі аурухана жатқызылды. Айта кету керек, ұсталғандар алкагольге сондай-ақ өзге де заттарға мас болған. Қазір сараптама тағайындалды. Бұл нәтижелер бойынша заңсыз әрекеттерге жол беріліп отыр. Бірақ зардап шеккен қызметкерлеріміз қатаң тәртіпте қызмет атқарып жатыр, -деді ШҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Карпова.