Ұландықтар азаматтарға жоғалған заттарын тауып берді

5 Қаңтар 2020, 18:02
1779
Бөлісу:
Ұландықтар азаматтарға жоғалған заттарын тауып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұландықтар мереке күндері азаматтарға жоғалған заттарын атуып берді.

Жаңа жылдық мереке күндері еліміздің азаматтары жаппай демалған сәтте, ұландықтар керісінше күшейтілген режимде маңызды міндет атқарады – қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалап, көпшілік орындар мен қала көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

4 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданында көше тәртібін күзетіп жүрген әскери жасақ бастығы қатардағы Азамат Қайырланов, патрульші Айбек Өмірбаев пен Батырбек Ботбаев сағат кешкі 21.40 шамасында Samsung А5 маркалы ұялы телефон тауып алады. Өзге нөмірден қоңырау шалған телефон иесіне жауынгерлер мән-жайды түсіндіріп, кездесу орнын белгілейді. Көп ұзамай телефон табылған жерге жеткен азамат Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің сарбаздарына адал қызметтері үшін алғысын білдірді, - делінген хабарламада.
Осы күні сағат 20.20 шамасында бас қаланың "Байқоңыр" ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген жедел құраманың тағы бір жасағы автокөлік жанында иесіз жатқан жүргізуші куәлігін, "Айфон" маркалы смартфонын, пәтер кілті және басқа да бағалы заттарды байқап қалады.

Жасақ бастығы қатардағы Дастан Базарбаев қарамағындағы көмекшілері Жігер Исмағұлов және Мақсат Рақымжан бұл туралы дереу патрульдік топ бастығына баяндайды. Сол уақытта сарбаздардың жанына әйел келіп, жеке заттарын жоғалтып алғанын айтады. Жауынгерлер табылған заттардың осы адамға тиесілі екеніне көз жеткізген соң, өзіне түгелдей табыстайды. 

Қызмет барысындағы қырағылықтары мен жедел көмектері үшін ризашылық танытқан азаматша 5573 әскери бөлімі командирінің атына алғыс хат жолдады.

Өзгелердің жаңалығы