Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда тұрғынынан жалпы салмағы 320 келіден асатын 1089 түп сора өсімдігі және төрт келіден асатын марихуана есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тағайындалған сараптаманың қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 320 келіден асатын 1089 түп сора өсімдігі және 4 келіден асатын марихуана есірткі затына жататынын бекіткен.
Аталған азамат күдікті ретінде танылып, одан жауап алу барысында аса ірі көлемдегі есірткіні өзі тұтынатынын, арасында көлеңке жолмен қаражат табу мақсатында сататынын көрсеткен. Қазіргі уақытта күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және 296-бабының 4-бөлігіне (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сәйкес тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.